Алматыда полицейлер көмекке мұқтаж отбасыға көмектесті
Алматыда полицейлер қолайсыз отбасыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
49 жастағы С.есімді азаматтың отбасы полицейлерге жақсы таныс. Ол қолайсыз отбасы санатында: отағасы алкогольдік сусындарды асыра пайдаланады.
– Осы тәуелділікті ескере отырып, ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені және бала тәрбиелеудегі ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін. Оның үш баласы бар: 15, 13 және 9 жаста. С.есімді азаматтың жұбайы балаларға жайлылық жасауға барынша тырысады. Мүмкіндігінше біз де тамақ, киімдермен көмектесеміз. Бұл жолы да инспекторлар бұл отбасына қажетті заттарды әкелді. Отағасымен алдын-алу, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ер адамның қоғамға жат өмір салтын ұстануы – балалардың кінәсі емес. Олардың еліміздің лайықты азаматы болып өсуі үшін дұрыс тәрбие алуға, асырауға, білім алуға толық құқығы бар, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.