Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер мен қоғам өкілдері зорлық-зомбылыққа қарсы флешмобқа қатысты

Алматыда полицейлер қоғам өкілдерімен, жастар ұйымдарымен, белсенділермен және еріктілермен бірге "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық челлендж-флешмобқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқан эстафетасын Солтүстік Қазақстан облысы берді. Бастамаға қосылған келесі өңір Алматы болды, содан кейін флешмоб Алматы облысындағы әріптестерге берілді.

Науқанға Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қатысып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу – полиция мен қоғамның ортақ міндеті. Бүгін осы науқанға атсалысқандардың барлығына алғыс айтамыз. Тек бірге ғана зорлық-зомбылықсыз Қазақстанды құра аламыз, - деді Арыстанғани Заппаров.

Челлендждің негізгі мақсаты — отбасылық әл-ауқат тақырыбына назар аударту, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін көрсету, көршілік қарым-қатынас пен өзара түсіністік мәдениетін нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру