Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер мен ҮЕҰ тұрмыстық зорлық-зомбылық факторларын талқылады

Алматыда полицейлер мен ҮЕҰ тұрмыстық зорлық-зомбылық факторларын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жан-Сая”, “АRASHA” дағдарыс орталықтары, “Tин Чэллиндж Казахстан”, “Родник”, “AНА ҮЙІ” және “Реванш” қоғамдық қорларының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде өзекті мәселе талқыланды.

– Дөңгелек үстел әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және үкіметтік емес ұйымдардың полициямен өзара әрекеттесуі жөніндегі бөлімшенің құрылғанына 23 жыл толуына арналды. Сындарлы диалог барысында полиция мен ҮЕҰ өзара іс-қимылының қорытындылары шығарылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың түйткілді мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда полицияға қосқан үлесі мен көмегі үшін ҮЕҰ жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап. Саттаров.

Анықтама үшін: дағдарыс орталықтары одағы жанындағы сенім телефондары: «150» және «111», Whats App қосымшасының нөмірі: +77081060810 (тәулік бойы, тегін, жасырын, құпия) немесе көмек үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыз.

Алматы қалалық Полиция департаменті: 254-45-99;
Алатау ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 227-55-54;
Алмалы ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42;
Әуезов ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 298-53-33;
Бостандық ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 254-47-32;
Жетісу ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 254-49-43;
Медеу ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 254-48-66;
Наурызбай ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 254-49-48;
Түрксіб ауданы бойынша: кезекші бөлім – 254-40-42; 298-54-25.

Дағдарыс орталығы: “Жан-Сая” 243-22-21.
Қоғамдық қорлар: “Араша” 317-57-17,
“Тин-Чэллендж” 252-99-63, 254-08-58,
“Родник” 396-19-38, +7 747-111-23-60,
“Реванш” кешенді қолдау орталығы +7707-323-23-74.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру