Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер қала тұрғындарына концерт тарту етті

Алматыда полицейлер қала тұрғындарына концерт тарту етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының қақ ортасында, Арбат алаңында қалалық полиция департаменті ансамблінің концерті өтті. Ашық аспан астында өткен шарада қала тұрғындары мен қонақтарына классикалық туындылардан бастап заманауи эстрадалық шығармаларға дейінгі үздік музыкалық композициялар ұсынылды.

Көрермендер қатарында алматылықтармен бірге шетелдік туристер де болды. Әсіресе, "Қайрат" – "Реал" футбол матчын тамашалау үшін келген жанкүйерлер концерттің жылы атмосферасы мен әсерлі орындаушылық өнерін ерекше атап өтті.

- Мұндай іс-шаралар – қала тұрғындары үшін рухани сый ғана емес, сонымен қатар ел мен қаланың оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлес. Алматы ежелден мәдениет ордасы саналады. Қонақтарымыз, соның ішінде шетелдік жанкүйерлер, қонақжайлық пен достық атмосферасын сезінуі өте маңызды. Біз мұндай жобалар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайта түсетініне сенеміз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Арбаттағы музыкалық кештер игі дәстүрге айналып келеді. Алдағы уақытта Алматы ПД ансамблі қала тұрғындары мен қонақтарын әсем өнерімен қуанта беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру