Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Алматыда полицейлер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінде идеологиялық сағат аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Оған ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы академиясының тыңдаушылары қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов тарихи шындықты сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Біз жастарға тарихи шындықты жеткізуге, оларды әділдікке, патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Бұл күн — жазықсыз жапа шеккендерді құрметтеп, халқымыз, болашағы үшін қандай ауыр құрбандықтарға барғанын еске салады, — деді ол.

Спикердің айтуынша, саяси қуғын-сүргін жылдары — Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі, бұл кезде миллиондаған азамат қуғындалып, атылып, лагерлерге қамалды.

Керемет бір шындық бар: “Өлілердің тыныштығы — тірілердің бейбітшілігінің кепілі”. Сондықтан өткенді ұмытпау, тарихи әділдікті қалпына келтіру және сол жылдардан сабақ алып, оны келер ұрпаққа жеткізу — біздің қасиетті парызымыз, — деді Құсайынов.

Іс-шара соңында қатысушыларға сол жылдардағы қасіретті оқиғалар туралы деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру