Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер студенттер арасында құқықтық білім беруді күшейтуде

Алматыда полицейлер студенттер арасында құқықтық білім беруді күшейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидаты мен "Профилактика жылы" аясында Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған құқықтық оқыту циклін өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру.

Полицейлер сабақ барысында құқық бұзушылық түрлері мен олардың салдары туралы айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Сондай-ақ заңды білудің және оны сақтаудың азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызын түсіндірді.

– Бізге дені сау, белсенді әрі заңды құрметтейтін жастар қажет. "Заң және тәртіп" қағидаты тек полиция қызметінде ғана емес, өміріміздің барлық саласында, соның ішінде білім беру жүйесінде де болуы тиіс. Профилактикалық жұмыстың негізгі мәні – жастарды саналы қоғам мүшесі ретінде қалыптастыру, – деді Алматы қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай кездесулер құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, жастардың жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру