Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер заңсыз сатылған алкогольдік өнімдерді әшкереледі

Алматыда полицейлер заңсыз сатылған алкогольдік өнімдерді әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактика жылы аясында ішкі істер министрі жариялаған "Полиция – заң мен тәртіптің қорғаушысы" ұранымен және "Учаске" жедел-профилактикалық шарасы барысында Түрксіб ауданы бойынша полицейлер заңсыз алкоголь саудасын анықтауға бағытталған рейдтер жүргізді.

Тексерулер кезінде тұрғындар мен учаскелік инспекторлардан түскен шағымдар назарға алынып, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуы мүмкін деген мекенжайлар қаралды. Тексеріс барысында тиісті лицензиясыз ішімдік сату фактілері анықталды.

Заңсыз өнім тәркіленіп, сатумен айналысқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот материалдарды қарап, өнімді заңда белгіленген тәртіппен жою туралы шешім шығарды.

– Алкогольдің көлеңкелі саудасымен күрес – профилактикалық жұмыстың басым бағыттарының бірі. Біз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтатамыз. Бұл – жай тексеріс емес, бұл адамдардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп мәселесі. Біздің міндет – мұндай нүктелерді жою және заң бұзғандарға міндетті түрде жауапкершілік жүктеу, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Алматы қаласының полиция департаменті тұрғындарға заңсыз алкоголь сату – құқық бұзушылық екенін және заңда көзделген шаралармен жазаланатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру