Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді

Алматыда полицейлер жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы №200 жалпы білім беретін мектепте полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған кешенді қауіпсіздік сабағын жүргізді. Іс-шараға киберполиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ювеналды полиция бөлімшелерінің мамандары қатысты.

Полицейлер оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқауіптер, кең таралған алаяқтық түрлері, сондай-ақ қауіп төнген жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы жан-жақты түсіндірді.

Интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау, жеке деректерді қорғау және қажетті жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызына назар аударылды.

— Жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс – біздің негізгі басым бағыттарымыздың бірі. Мұндай сабақтар балаларға нақты тәуекелдерді түсініп, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Біздің міндет – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мектептердегі жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз, себебі алдын алу — әрдайым салдармен күресуден тиімді, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру