Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер жолаушы тасымалдаушыларды тексерді

Алматы қаласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдау кезінде заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше назар қалааралық және халықаралық бағыттарға аударылуда, себебі бұл бағыттарда жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлікті пайдалану, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамау секілді заң бұзушылықтар жиі тіркеледі.

Рейд барысында полиция қызметкерлері тасымалдаушылардың қызметін, сондай-ақ, "Сайран" автовокзалы маңындағы жеке шағын автобустарды тексеруде.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу деректері анықталып отырады, олардың әрқайсысы бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

- Жолаушылардың қауіпсіздігі – Алматы қаласы полициясының басты міндеті. Біз, әсіресе қалааралық және халықаралық бағыттарда тасымалдаушылардың қызметіне бақылауды күшейттік. Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің бұзылуы тек қолайсыздық туғызып қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Біздің міндетіміз – мұндай заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесу. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін қауіпсіз сезінгенін қалаймыз, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру