Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер жолаушыларды ақпараттандыру мен профилактикалық шараларды күшейтті

Алматы метрополитенінде полицейлер жолаушыларды ақпараттандыру мен профилактикалық шараларды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидасын жүзеге асыру және профилактика жылы аясында Алматы метрополитенінде азаматтарды қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп ережелері туралы барынша кеңінен ақпараттандыру бағдарламасы іске қосылды.

Полицейлердің бастамасымен метро вагондары мен станцияларында дыбыстық хабарламалар орнатылып, жолаушыларға заңды сақтау, тәртіп пен әр адамның жеке жауапкершілігінің маңызы туралы тұрақты түрде еске салуда. Сонымен қатар бекеттер мен пойыз вагондарында метро ішіндегі мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері туралы көрнекі ақпараттық жадынамалар орналастырылған. Онда эвакуация тәртібі мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жөнінде нұсқаулықтар көрсетілген.

– Метрополитен – азаматтардың жаппай жүретін орны, мұнда әрбір адамның қауіпсіздігі барлығының тәртібіне байланысты. Полиция метро әкімшілігімен бірлесіп тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Біздің мақсатымыз – тек қана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету емес, сонымен қатар жолаушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру", – деді метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаров.

Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Дыбыстық хабарламалар мен көрнекі материалдар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және түрлі оқыс оқиғалардың қаупін азайтуға көмектеседі.

- Қауіпсіздік – қырағылық пен жауапкершіліктен басталатынын әрбір жолаушы есте сақтауы керек. “Заң мен тәртіп” – жай ғана ұран емес, бұл – күнделікті іс-әрекет қағидасы, өмір мен тыныштықтың кепілі, – деді Батыржан Абдумасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру