Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлердің заңды талабына бағынбаған ер адам қамауға алынды

Алматыда полицейлердің заңды талабына бағынбаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе түнгі уақытта мас күйде шаһардың төменгі бөлігіндегі дәмханалардың бірінде шу шығарған ер адам туралы болып тұр.

– Мұндай үрей тудыратын хабарламаға бірінші болып патрульдік полиция қызметкерлері жауап берді. Құқық бұзушы оларға бағынбады. Ол полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, қашуға әрекеттенген. Алайда, бекер. Медициналық сараптама құқық бұзушының орта дәрежеде мас болғанын анықтады. Сот қаулысымен А.есімді азамат полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы) кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне тіл тигізу дерегі бойынша (ҚР ҚК-нің 378-бабы) қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейін. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полицияда билік өкілін балағаттау қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру