Алматыда полиция 140 мопедті тіркеді
Алматыда полиция 140 мопедті тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полицияның мәліметінше, экстерриториалдық қағидат бойынша қала сыртында жүретін 39 мопед тіркелген. Полиция 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енетінін тағы бір рет еске салады. Көрсетілген күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Осыған орай, Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 29 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 140 мопед тіркелді.
Бұрын хабарланғандай, өткен жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер енгізілген болатын. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.