Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция адамға көмек көрсетілген сәтте жасалған ұрлық қылмысын ашты

Алматыда полиция адамға көмек көрсетілген сәтте жасалған ұрлық қылмысын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық оқиғалар кезінде жасалған ұялы телефон ұрлығының екі дерегін ашты.

Аталған оқиғалар бұған дейін әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын.

Бірінші жағдайда қоғамдық орында бойжеткеннің денсаулығы күрт нашарлаған. Оған жанындағы адамдар алғашқы көмек көрсетіп жатқан сәтте белгісіз тұлғалар жағдайды пайдаланып, оның телефонын ұрлап кеткен.

Екінші дерек ойын-сауық орындарының бірінің маңында орын алған көшедегі төбелес кезінде тіркелді. Дүрбелең сәтін пайдаланған күдіктілер жанжалға қатысушылардың бірінің смартфонын иемденген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

- Екі жағдайда да күдіктілер айналадағы адамдардың назары төтенше жағдайға ауған сәтті әдейі пайдаланған. Мұндай қылмыстар аса арсыз әрі қоғамға жат әрекет болып табылады. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру