Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция автотұрақтарды тексеріп жатыр

Алматыда полиция автотұрақтарды тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті іс-шараны қалалық әкімшілік полиция жүзеге асырып жатыр. Мұндағы мақсат – жерасты гараждары мен тұрақтарға қоюға тыйым салынған газ баллондық жабдықпен жабдықталған көліктерді анықтау.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес газ жабдығы бар көліктерді жерасты жабық тұрақтар мен гараждарға қоюға тыйым салынады. Бұл ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты. Газ баллон жабдығы бар көліктерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Басқа мақсаттар үшін ғимараттарға салынған және оларға бекітілген жабық тұрақтарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық тұрақтарда қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін көлік құралдарын қоюға жол берілмейді, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ Құлбаев бүгін Алматыда жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық іс-шарасының басталғанын атап өтті.

Айта кетейік, газ баллонмен жабдықталған көлікте мыналарға тыйым салынады:

– жарамдылық мерзімі өткен газ баллоны бар көлік құралын пайдалану;

– ақаулы газ жабдығымен және газдың ағуымен қозғалтқыштың жұмысы;

– электр жүйесінде газ болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу;

– газ жабдығы ақауы бар автокөлікті жабық ғимаратқа қою;

– қозғалтқышты іске қосу, гаражға газбен кіру-шығу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру