Алматыда "Полиция барысы - 2023" чемпиондық белбеуінің иегері анықталды
Алматыда "Полиция барысы - 2023" чемпиондық белбеуінің иегері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД-да қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтті. Бұл - 17 командадан тұратын 77 қатысушының басын қосқан ауқымды спорттық шара.
Жарыс алты салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Турнир кестесі келесідей:
Бірінші орынды жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрама командасы иеленді. Екінші орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының құрама командасына бұйырды. Ал үшінші жүлделі орынды Бостандық аудандық полиция басқармасының командасы иеленді.
"Полиция барысы - 2023" чемпиондық белбеуінің иегері Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ инспекторы Есдәулетов Райымбек болды.