Алматыда полиция басшылық құрамының кәсіби және дене даярлығы тексерілді
Алматыда полиция басшылық құрамының кәсіби және дене даярлығы тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінде оңтүстік өңірдегі полиция департаменттері мен ҚР Ішкі істер министрлігінің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылық құрамына орталықтандырылған тестілеу өткізілді.
Тексеру Ішкі істер министрінің бұйрығын орындау мақсатында ұйымдастырылып, ішкі істер органдарының басшылық құрамының кәсіби және дене даярлығы деңгейін бағалауға бағытталды.
Тестілеуге қатысушылар заңнаманы білу деңгейін, атыс және дене даярлығы бойынша нәтижелерін, сондай-ақ қызметтік-қолданбалы дайындық дағдыларын көрсетті.
Тестілеу барысын Ішкі істер министрлігінің өкілдері, соның ішінде жеке құраммен жұмыс департаментінің қызметкерлері бақылап отырды.
— Басшылық құрамның жоғары кәсіби даярлық деңгейін сақтау – біздің қызметіміздің негізгі басымдықтарының бірі. Мұндай тексерулер қызметкерлердің білімін, тәжірибесін және дағдыларын бағалап қана қоймай, олардың қызметтік шеберлігі мен дене даярлығын үнемі жетілдіруге ынталандырады, — деді Алматы қаласы полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.