Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бөлімшелерінің басшыларына арналған психологиялық семинар өтті

Алматыда полиция бөлімшелерінің басшыларына арналған психологиялық семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер, суицидтік көріністердің алдын алу бойынша жеке құраммен сабақтар мен практикалық тренингтер өткізу мақсатында Алматы қаласы ПД-де “ІІО қызметкерлері арасындағы суицидтің алдын алудағы басшының рөлі” тақырыбында инспектор-психологтар мен кәсіби мамандардың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

– Іс-шараларды моральдық-психологиялық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ішкі істер органдарының әртүрлі тапсырмаларды орындайтын жеке құрамы арасында жүргізілетін психологиялық жұмыс болып табылады. Жеке құраммен жұмыс істеуде моральдық-психологиялық қамтамасыз ету жүйесі басымдыққа ие екенін атап өткен жөн. Оның үстіне, психологиялық жұмыстың, өмірдің барлық саласында ықпалын кеңейту үрдісі артып келеді, – деді Алматы қалалық ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Нариман Батаев.

Полиция сондай-ақ психологиялық дайындық – бұл кез келген жағдайларда жоғары белсенділікті қамтамасыз ететін факторлардың, психикалық және психологиялық қасиеттердің теріс әсеріне психологиялық қарсылықты, қызметкерлер мен қызметтік ұжымдарда мақсатты түрде қалыптастыру шараларының жүйесі екенін көрсетті.

Психологиялық дайындықтың мақсаты – жоғары жүйке-психикалық және физикалық жүктемелерге, соның ішінде қауіп төндіретін жағдайларда төтеп беру қабілетіне қол жеткізу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру