Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді

Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында кешкі сағат бестер шамасында «102» пультіне белгісіз жігіт аспанға екі рет оқ атып, кейіннен жасырынып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақыны ұстады.

Бұзақы 16 жастағы жасөспірім болып шықты. Ол қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ Алматы қалалық полициясы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыра отырып, азаматтарды ҚР Заңдары мен қоғамда жалпы қабылданған өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру