Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды
Алматыда полиция ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңғы уақытта жедел басқару орталығына Саин даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысындағы көпірде бір ер адамның суицидке оқталуы туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз азамат көпір үстінде тұрып, секіруге әрекеттенген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары жіберілді.
Полиция қызметкерлері келгенде, ер адамның ауыр психоэмоционалдық күйде екенін байқады. Ол байланыс орнатудан үзілді-кесілді бас тартып, өзіне қауіп төндіріп тұрғанына қарамастан, полицейлер сабырлық танытып, оған жанасу арқылы сенім ұялатып, тілдесуге тырысты.
Қауіпті жағдай кезінде оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының басшылығы да келіп жетті. Тәртіп сақшыларының үйлесімді және кәсіби іс-қимылының арқасында ер адам көзге түспей жақын келіп, қауіпсіз жерге шығарылды.
- Басты мақсат – адам өмірін аман сақтау. Мұндай сәттерде әр сөз, әрбір әрекет шешуші рөл атқарады. Қызметкерлеріміздің сабырлылығы мен кәсібилігі нақты әрі уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік берді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Майлықбаев.
Құтқарылған азамат — Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны. Оның психикалық жағдайын бағалау үшін психикалық денсаулық орталығына жеткізілді.
Бұл оқиға бір нәрсені айқын дәлелдеді: полиция қызметкерлері – тек құқық қорғаушылар ғана емес, қажет болғанда өз өмірін қатерге тігіп, адам өмірін сақтап қалуға әрқашан дайын жандар.