Алматыда полиция ер адамнан мефедрон тәркіледі
Алматыда полиция ер адамнан мефедрон тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады.
— Оның Mitsubishi автокөлігін тінту кезінде ұнтақты зат салынған байлам табылды. Сот-химиялық сараптама, оның жалпы салмағы шамамен 500 грамм болатын мефедрон екенін растады. Күдікті қамауға алынды. Алматы қаласына шөпті жеткізу арнасын анықтау бойынша жедел шаралар кешені жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған азаматтың есірткі бетбелгісін қоюмен айналысқандығы белгілі болды. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.