Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына рейд жүргізді

Алматыда полиция есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына рейд жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары пробация қызметі және Түрксіб ауданының прокуратурасымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына рейд жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру. Азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, белгіленген шектеулердің сақталуы тексеріліп, заң талаптарын сақтау маңызды екені ескертілді.

— Мұндай профилактикалық рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. Олар тек бақылауды қамтамасыз етіп қана қоймай, түзелу жолындағы адамдарға қолдау көрсетуге де мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – қайталанатын құқықбұзушылықтарға жол бермеу, аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру