Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция есепте тұрған сотталғандарды тексерді

Алматыда полиция есепте тұрған сотталғандарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 13-19 қаңтар аралығында Алматы полициясы қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегі әріптестерінің көмегімен бұрын сотталған адамдар тарапынан қайталанатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Профилактикалық бақылау» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

https://youtu.be/h0YT01elI4Q?si=LJ1tRUjNRJJAv0PT

– Іс-шара кезеңінде тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 1416 адам тексерілді. Оның ішінде есірткі қолданудың 4 дерегі анықталды. Белгіленген міндеттерін бұзғаны үшін профилактикаға жататын 35 адамға қатысты сот шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Сонымен қатар бұрын сотталған 26 адамға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Баяндамашының айтуынша, қоғамнан оқшауланбаған және пробациялық есепте тұрған сотталғандар тарапынан сот белгілеген міндеттерді бұзудың 15 дерегі анықталды.
Тиісті шара қолдану үшін материалдар пробация қызметіне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру