Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция есірткі сататын орынның қызметін тоқтатты

Алматыда полиция есірткі сататын орынның қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінде болған, жедел уәкілдердің айтуынша, ол жерге есірткі тұтыну мақсатында 15 адамға дейін жиналған. Полиция келген кезде үй дәстүрлі түрде лық толы болды.

– Есірткі үйінің бастамашысы және ұйымдастырушысы – пәтердің иесі – 44 жастағы Ц.есімді азамат болып шықты, ол өзі де есірткіні қолданушы. Оның үйінен мефедрон, героин сияқты заттар табылды және тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Қонақтарды» да полиция бөліміне апарып, жауап алынды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 302-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды тұтыну үшін үй-жайларды ұйымдастыру немесе ұстау және сол мақсаттар үшін мекемелер беру) бойынша квалификацияланған. Ц.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ, спикер өткенде Алматыда героин сатушысы ұсталғанын атап өтті.

– «Арлан» арнайы бөлімшесінің және кинологиялық орталықтың қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматыда есірткі қамтамасыз ету арнасын анықтау бойынша шаралар қабылдануда, – деп түсіндірді Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру