Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция интернет-алаяқтар туралы бейнероликтер топтамасын шығарды

Алматы кинотеатрларында интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, Алматы полициясы интернет-порталдарда, ПД-ның ресми аккаунттарында орналастырылатын және әлеуметтік желілерді қолданушылардың арасында таратылатын және кейіннен теледидарда көрсетілетін медиа-жобалар – әлеуметтік роликтер, сюжеттер, репортаждар арқылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде.

– Ақпараттық технологияның қарқынды дамыған заманында, өкінішке қарай, қылмыстың да түрлері мен әдістері жетілдіріліп келеді. Сондықтан әркім өзін және жеке деректерін қорғай алуы өте маңызды. Интернет-алаяқтықтың алдын алу аясында бұрынырақ қылмыскерлердің ең танымал әдістері туралы ақпараттық парақшалар мен алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестер жазылған брошюралар дайындалып, таратылды. Қазіргі уақытта кең аудиторияға арналған медиа өнімдер жасалды. Әлеуметтік роликтер қалалық кинотеатрларда, БАҚ және әлеуметтік желілерде көрсетілуде, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Бейнероликтерді түсірудегі басты мақсаты – халықты барынша және қолжетімді қамту, осы мәселеге азаматтардың назарын аудару, сондай-ақ қылмыстың осы түрін болдырмау және алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру