Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілерді ұстады

Алматыда полиция кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полицейлері келушіні қатты соққыға жыққан қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің екі күзетшісін ұстады. 

40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

– Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілердің келушілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтінішіне соншалықты агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру