Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция күштерінің бірыңғай саптық жиыны өтті

Алматыда полиция күштерінің бірыңғай саптық жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов кешенді полиция күштерінің бірыңғай саптық жиынын өткізді. Іс-шараға саптық және сыртқы қызметтердің қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы бөлімшелер, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті күзетуге жұмылдырылатын жеке құрам қатысты.

Бірыңғай жиын "Заң және тәртіп" қағидатына негізделген басымдықтарға, сондай-ақ республика көлемінде басталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қаладағы қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеріне басымдық бере отырып өткізілді.
Жеке құрамға үндеуінде Айдын Кабдулдинов патрульдік маршруттағы әрбір қызметкер – полиция мен мемлекеттің айнасы екенін атап өтті. Қызметтік тәртіп, заңдылықты сақтау және азаматтармен сыпайы, кәсіби қарым-қатынас қоғам сенімінің басты кепілі екенін ерекше айтты.

– "Заң мен тәртіп" қағидаты – бұл күнделікті практикалық қызмет. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарын қатаң сақтау және кез келген жағдайда кәсіби әрекет ету, – деді Алматы қаласы ПД бастығы.

Сонымен қатар сапта қызметтік тәртіпті, заңдылықты және қызметтік этика стандарттарын бұлжытпай сақтау қажеттілігі, әсіресе халықпен өзара іс-қимыл кезінде, қатаң ескертілді.

– Сіздердің ұйымшылдықтарыңызға, дайындық деңгейлеріңізге және техникалық жарақтандырылуларыңызға жедел әрекет ету тиімділігі мен қала көшелеріндегі қауіпсіздік тікелей байланысты. Полиция кез келген сын-қатерге дайын болып, алдын алу қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс, – деп түйіндеді Айдын Кабдулдинов.

Шара аясында материалдық-техникалық қамтамасыз ету де тексерілді: қызметтік автокөліктердің жай-күйі, арнайы құрал-жабдықтар мен экипировка қаралды. Сыртқы және саптық бөлімшелердің, сондай-ақ жедел әрекет етуге арналған арнайы жасақтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге дайындығына ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай бірыңғай саптық жиындарды жүйелі өткізу барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, тәртіп деңгейін арттыруға және мегаполис жағдайында қызмет атқарудың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру