Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция мопедтер мен самокаттарға рейд жүргізуде

Алматыда полиция мопедтер мен самокаттарға рейд жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" және "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Алматы полициясы мопедтер мен самокаттарды пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалауға бағытталған рейдтерді белсенді түрде өткізуде.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев атап өткендей, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз, сақтандырусыз, техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жүргізудің жолын кесуге баса назар аударылуда.

2025 жылдың басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 256 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 267 адам зардап шекті, екеуі қайтыс болды. Самокаттың қатысуымен 41 ЖКО тіркеліп, 41 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ.

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау - әрбір жол қозғалысына қатысушының міндеті екенін еске салады. Профилактика жылында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол мәдениетін арттыруға баса назар аударылуда.

- Балаларға мопедтер мен самокаттар жүргізуге рұқсат бермеңіз. Үлкендердің жеке жауапкершілігі - жас жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің кепілі. Алдын алу, тәртіп пен жауапкершілік – "Заң және Тәртіп" қағидасының негізі, - дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру