Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция ойын-сауық орындарында профилактикалық шара жүргізді

Алматыда полиция ойын-сауық орындарында профилактикалық шара жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері түнгі ойын-сауық орындарында ауқымды профилактикалық шара жүргізді. Оған тұрғындардың у-шу, кальян шегу және басқа да қоғамдық тәртіпті бұзу туралы көптеген шағымдары себеп болды.

Рейдтер барысында ондаған мекеме тексерілді. Кальянды заңсыз пайдаланудың 70-тен астам дерегі анықталды. Мекемелерден 30-дан астам кальян аппараттары тәркіленді. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату деректері тіркелді. Әрбір іс бойынша материалдар жинақталып, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар полицейлер шетелдік азаматтардың тиісті құжатсыз жұмыс істеу деректерін анықтады. Кейбір келушілер мен қызметкерлер іс жүргізу үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді.

- Алматы полиция қызметкерлері түнгі уақытта тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Барлық анықталған заң бұзушылықтар есепке алынып, әрқайсысына шара қолданылуда. Біздің міндетіміз - азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алдын алу жылы және "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында ойын-сауық мекемелеріне мониторинг жүргізу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру