Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді
Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының ювеналды полициясы мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында “Tamos Education” мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында семинар-тренинг өткізді.
— Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру және заң бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Біз қатысушыларға жеке қауіпсіздік шаралары мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсірдік. Жасөспірімдердің Конституция негіздерін білуі бізді қатты таң қалдырды, балалар әкімшілік кодекстің бірнеше бабын білетіндерін көрсетті. Бұл жерде ұстаздар қауымының тамаша жұмысы байқалады. Сонымен қатар, бейтаныс адамдармен кездескен кезде сақтық танытып, көмекке жүгінуге болатын “102” телефон нөмірін еске салдық, - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Сондай-ақ спикер, шаһарда кәмелетке толмағандарға барынша білім беру, оның ішінде құқықтық білім беру тәжірибесі жалғасып жатқанын еске салды.
— Біз мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімелесеміз, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар арасында заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешені туралы айтамыз. Сондай-ақ диалогтар азаматтың, қоғамның және мемлекеттің құндылықтары туралы әңгімелер бойынша құрылған, - деді Жанна Шонжанова.