Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қоғам белсенділерімен жұмыс кеңесін өткізді

Алматыда полиция қоғам белсенділерімен жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ автожол институтында дөңгелек үстел форматында полиция қызметкерлері, ұстаздар және қоғам белсенділерінің жұмыс кеңесі өтті.
Шараның мақсаты – бірлескен күш-жігерді біріктіру және алдағы жылға стратегияны айқындау арқылы жалпыға ортақ жолдардағы өлім-жітімнің жоғары деңгейі мәселесіне қоғамның назарын аудару.

– Бүгінгі таңда, еліміздің ең ірі шаһарындағы жол қозғалысы жағдайын жақсартуға, қала жүргізушілерін тәртіпке келтіруге, сол арқылы жол-көлік оқиғасы кезіндегі жарақаттар мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік беретін шараларды қабылдаудың өзекті қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ бүгін факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, функцияларына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіретіндердің барлығы жоғарыда аталған мәселені талқылауға қатысуда. Жиын қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаламыздың жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектесетін нақты шаралардың нақты механизмін құруды мақсат етіп отырмыз, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың пікірінше, жол-көлік жарақаттары деңгейінің артуына жол-көлік оқиғаларының алғышарттарының жиынтығы жатады, атап айтқанда: автокөліктердің жоғары қарқыны және тиісінше қаладағы қозғалыс қарқындылығы; жол қозғалысы саласындағы халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің төмен деңгейі, ережелер мен нормаларға құрметсіздікпен қарау, сондай-ақ азаматтардың жол жүрісі процесінде өзінің тәртіпсіздігі мен жеке жауапкершілігінің төмен деңгейі. Егер аталған алғышарттардың біріншісі тек ілеспе болса, онда адам факторы әрқашан және барлық нәрседе басымдыққа ие.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлімшелердің қызметкерлері күнделікті жұмысымен қатар, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы қауіпті мінез-құлықтың ауыр зардаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып, тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізуде. Мұндай шаралар қоғамға маңызды ақпаратты жеткізуге көмектесетініне, соның арқасында қайғылы салдары бар жол-көлік оқиғаларының алдын алатынына сенімдімін, - деді, Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру