Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкері әйелге өзеннен бала арбасын шығаруға көмектесті

Алматыда полиция қызметкері әйелге өзеннен бала арбасын шығаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұрлан Қонысовты "Қазақстан полициясына 30 жыл" мерекелік төсбелгісімен марапаттады.

Марапаттауға себеп болған жағдай — патрульдік полицейдің өзенге түсіп, әйелге бала арбасын шығаруға көмектескені. Бірнеше күн бұрын полицияға "Есентай" өзеніне бала арбасы құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция полкінің жасағы жетті. Нұрлан Қонысов ешкімнің зардап шекпегеніне көз жеткізген соң, өзенге түсіп, арбаны өзі шығарып алған.

Әйелдің айтуынша, ол баласына көңіл бөліп, арбаны тежеуішпен бекітіп үлгермеген. Соның салдарынан арба сырғып барып, суға түсіп кеткен.

- Бәріміздің анамыз, жарымыз, балаларымыз бар. Көмекке мұқтаж адамға қол ұшын созу – біздің қасиетті борышымыз. Әйел полициядан көмек күтті, ал біз тек өз міндетімізді орындадық, - дейді Нұрлан Қонысов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру