Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері мен блогерлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Алматыда шағын футбол полиция қызметкерлері мен блогерлерді біріктірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда Қазақстан полициясының 33 жылдығына және БАҚ қызметкерлері күніне арналған шағын футболдан жолдастық турнир өтті.

Полиция қызметкерлерінің, блогерлер мен тұрғындардан құралған командалар бір алаңда бас қосты.

Әділ тартыстың нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

1-орын – тергеу басқармасының командасы

2-орын – блогерлер мен жұртшылық командасы

3-орын – жергілікті полиция қызметінің командасы

Жеке қатысушылар өздерінің жетістіктері үшін атап өтілді:

- Үздік қақпашы – Серғазы Әбішев;

– Турнирдің үздік ойыншысы – Набиалхан Абдулла.

- Бұл турнир - тек спортпен ғана шектелмейді. Бұл командалық жұмыс, сенім мен сыйластық. Біз полиция мен белсенді азаматтар арасында жанды, шынайы қарым-қатынас болғанын қалаймыз. Мұндай кездесулер тек спорттық рухты ғана емес, сонымен қатар Алматыны қауіпсіз, ашық және әділ қалаға айналдыруға деген ортақ тілегімізді нығайтады, - деді Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық.

Іс-шара жылы атмосферада өтті. Ойындардан бөлек, қатысушылар пікір алмасып, бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру