Алматыда полиция қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орындарының бірінен азот оксидін анықтады
Алматыда полиция қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орындарының бірінен азот оксидін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында есірткі қылмысына қарсы жүйелі жұмыс аясында полиция қызметкерлері күшті әсер ететін заттарды заңсыз өткізу дерегін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде арнайы жабдықталған сақтау орны табылып, одан азот тотығы салынған металл баллондар тәркіленді.
Аталған затты өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып жүзеге асырылған.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Полиция күшейтілген тәртіпте күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл жұмыс, әсіресе, азаматтар көп жиналатын демалыс орындарын қамтиды. Осындай заттарды “ойын-сауық” немесе “зиянсыз қызмет” ретінде өткізуге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деп ескертті Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
