Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады
Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.
Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.