Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі

Алматыда полиция “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Алматы қаласы Түрксіб ауданында жүргізген. 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оны тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған байламдар мен бумалар тәркіленді.

— Ал ұсталған азаматтың көлігінен есірткі заттарын тасымалдауға арналған осыған ұқсас заттары бар спорттық сөмке және басқа да құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 247 грамм болатын “a-PVP” психотроптық заты. Түрксіб аудандық ПБ-да есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру