Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция тұрғыннан SIM-box тәркіледі

Алматыда полиция тұрғыннан SIM-box тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында Алматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ және Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп арнайы іс-шара жүргізіп, интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған Sim-box құрылғысын анықтады және тәркіледі.

Іс-шара нәтижесінде интернет-трафикті заңсыз бағыттау мақсатында жаппай сим-карталарды пайдалану арқылы қылмыстық тізбекті ұйымдастырған жас жігіт ұсталды. Тергеу деректері бойынша, ол жабық интернет-қоғамдастықтан нұсқаулар алып, криптовалюта түрінде ақы алып отырған.

Құрылғы тәркіленді, тексеру жұмыстары жалғасуда.

- Sim-box құрылғыларын пайдалану – алаяқтар жиі қолданатын техникалық әдістердің бірі. Бұл құрылғылар нөмірді жасыруға, қоңырауларды бұрмалауға және фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттер азаматтарды шатастырып, қаскөйлер, өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді алдап алуға жағдай жасайды. Осындай алаяқтық тізбектердің жолын кесу – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі, – деді, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Жедел-іздестіру шаралары аясында бұл қылмыстық тізбекке қатысы бар басқа адамдарды анықтау және осыған ұқсас деректерді әшкерелеу жұмыстары жалғасуда.

Полиция азаматтарды мұқият болуға, жеке деректерді телефон арқылы бермеуге және күмәнді жағдайларда бірден "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру