Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады

Алматыда полиция зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері зейнет жасындағы азаматтардың пәтерлерінен ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінген екі әйелді ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер әртүрлі сылтаумен зейнеткерлердің үйлеріне кірген. Бір оқиғада олар өздерін кітап таратушылар ретінде таныстырған. Пәтерге кірген соң, үй иесін су алып келуді сұрау сияқты сылтаумен алаңдатып, сол сәтте зейнеткердің жиғандарын ұрлаған. Осындай оқиғалардың бірінде олар 4 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткен.

Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың қалада жасалған басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

- Зейнет жасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің профилактикалық жұмысымыздың басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткім келеді. Азаматтарды сақ болуға, бөгде адамдарды үйлеріне кіргізбеуге және күмән тудыратын жағдайларда бірден полицияға хабарласуға шақырамыз, – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру