Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция жеке құраммен кездесті

Алматыда полиция жеке құраммен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы жеке құраммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесулер өткізді.
Жиынға ПД және аудандық ПБ әкімшілік полиция қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты. Келесі білім беру бағдарламасының тақырыбы — “Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту”.

– ІІО-ның әрбір қызметкері өзінің жеке қасиеттерімен және мінез-құлқымен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуы керек. Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның дамуына кедергі келтіретін, оның болашағына нұқсан келтіретін індет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу, оған жол бермеу – барша полиция қызметкерлерінің парызы әрі міндеті деп білуіміз керек, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру