Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының біртұтас саптүзеуі өтті

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының біртұтас саптүзеуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – жеке құрамның заңдылық пен тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды тәулік бойы орындауға дайындығын тексеру.

- Іс-шара аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында патрульдік полиция қызметінің тығыздығы арттырылды. Жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 500 әскері жұмылдырылған. "Тәртіп бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, саябақтарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сондай-ақ полиция, құрылыс және сауда нысандарында көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Тексеру барысында қаладағы тәртіптің сапасына әсер ететін қызметкерлердің киімдері, көліктердің жағдайы, техникалық жабдықтары тексерілді. Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауға күн сайын шығатын патрульдік полиция полкі, мамандандырылған батальон жасақтары командирлердің нұсқаулары мен тапсырмаларын тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру