Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының кешенді сап түзеуі өтті

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының кешенді сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – жеке құрамның тәулік бойы құқық тәртібін қорғау, қылмыспен күресу және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру.

Бұған дейін хабарланғандай, 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. “Қылмысқа мүлдем төзбеушілік” аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сондай-ақ полицейлер көші-қон заңнамасын, оның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Саптүзеу барысында қызметкерлердің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, сондай-ақ қаладағы заңдылық пен тәртіптің сапасына әсер ететін техникалық құрал-жабдықтары тексерілді.

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күнделікті өз қолдарына алатын патрульдік полиция полкі, мамандандырылған батальон, ЖҚАЖ қызметкерлері командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру