Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның бірыңғай сап түзеуі өтті

Алматыда полицияның бірыңғай сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту аясында полицияның кешенді күштерінің бірыңғай сап түзеуі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған және құқық бұзушылықтың алдын алу жылында жүзеге асып жатқан "Заң мен тәртіп қағидаты негізінде ұйымдастырылды.

Сапқа тұрғызу барысында жеке құрамның саптық дайындығы, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтану деңгейі тексерілді. Нарядтардың күшейтілген режимдегі жұмысқа дайындығына, азаматтармен өзара әрекеттесу стандарттарының сақталуына аударылды.

Жол қауіпсіздігі мәселелерін де негізгі басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Полиция мегаполис деңгейінде профилактикалық жұмысты күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жылдамдық режимін бақылау, мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында міндеттерді нақтылады.

Полицияның басты мақсаты – тек құқық бұзушылыққа әрекет ету емес, оны алдын алу. Профилактика жылы аясында біз барлық бағыт бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатырмыз. Әсіресе жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде, себебі жолдағы тәртіп – азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Әр қызметкер өз жауапкершілігін сезініп, заңды сақтауда үлгі болуы тиіс, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Саптық іс-шарадан кейін полиция бөлімшелері қаланың криминогендік ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді атқаруға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру