Алматыда пробация есебіндегі сотталған азаматтар сенбілікке қатысты
Алматыда пробация есебіндегі 35 сотталған азамат қалалық сенбілікке қатысып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Наурызбай аудандық пробация қызметінің есебіндегі 35 сотталған қалалық сенбілікке қатысып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарды.
– Наурызбай ауданы бойынша барлығы 240 сотталған есепте тұрса, оның ішінде соттың үкімі бойынша 35 адамға мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалған. Алматы қаласында өткен сенбілікке осы 35 сотталған түгел қатысып, еңбек үлгісін көрсетті, – дейді Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Б.Оразов.
Пробациялық бақылау қызметінің инспекторлары күн сайын белгілі уақытта есепте тұрған сотталғандарды тексере жүріп, оларға белгіленген тәртіпті бұзбай жаза өтеген жағдайда мүмкін болатын жеңілдіктерді де түсіндіреді.