Алматыда пробация қызметкерлері көпбалалы сотталғанға қайырымдылық жасады
Алматыда пробация қызметкерлері көпбалалы сотталғанға қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы аудандық пробация қызметкерлері көмекке мұқтаж К. есімді сотталғанға қайырымдылық көмек көрсетті. Пробация қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар сотталғанның балаларына жылы киімдер мен аяқ киімдер тарту етті.
Азамат К. 2021 жылы Жамбыл аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен және ҚК-нің 60-бабы 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын.
– Менің балаларыма қажетті заттар әкеліп, қайырымдылық көмек көрсеткен Алмалы аудандық пробация қызметінің ұжымына алғысымды білдіремін. Өзім де болашақта қателікке ұрынбай, балаларыма жақсы тәрбие беремін, – дейді сотталған К.