Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пробация қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастырды

Алматыда пробация қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Әуезов аудандық пробация қызметі есепке алынған сотталғанды нан пісіру өндірісіне жүк тасушы етіп жұмысқа орналастырды.

Ұрлық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотталған 38 жастағы жігіт бұған дейін жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген.

Осы жылдың маусым айында сот үкімімен 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілген ол қалалық ҚАЖ департаментіне қарасты Әуезов аудандық пробация қызметінің бақылауына алынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру