Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан күдіктілер құрықталды

Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мефедронның заңсыз айналымы анықталды.

Полиция қызметкерлері қала аудандарының бірінде күдік тудырған ер адамды тоқтатты. Жеке тінту кезінде одан психотроптық затқа ұқсас зат табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың мефедрон екендігі расталды.

Жүргізілген іс-шаралар барысында екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақ қызметкерлері Алматы облысында ұстады.

Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру