Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қала тұрғындарының пәтерлерін тонаған сериялық ұры ұсталды

Алматыда қала тұрғындарының пәтерлерін тонаған сериялық ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұры – 30 жастағы Алматы облысының тұрғыны, ол қалада бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

– Полицияға шаһар тұрғындарынан пәтерлері тоналды деген бірнеше арыз келіп түсті. Негізінде, “қонақтар” алтын бұйымдарды, ақшаны ұрлады. Бөтен адамдардың үйлері бір тәсілмен және тек күндізгі уақытта ашылды. Іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Ұрлық жасады деген күдікпен құлыптарды ашатын құралдары бар, бұрын сотталған ер адам ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеудің осы сатысында, ұсталған азаматтың пәтер ұрлығының осыған ұқсас төрт эпизодына қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру