Алматыда қалта ұрысы ұсталды
Алматыда қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының полиция қызметкерлері оңай олжа іздеген қалта ұрысын қолға түсірді. Оқиға Саяхат автовокзалының жанындағы аялдамада болған. Қаскүнем жолаушының ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашпақ болғанымен, бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел ұстап, қамауға алды.
– Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы тексерілуде. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Қылмыстық әрекеттерінің қайталануы және ұрланған мүлікті сату арналары да тергеу нысанында, – деп мәлімдеді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім бастығы Елдос Бақбергенов.
ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды. Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кез келген адам кінәсіз деп саналады.