Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қалта ұрысынан бес телефон тәркіленді

Алматыда қалта ұрысынан бес телефон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері смартфон ұрлады деген күдікпен әйел адамды ұстады.

– Солтүстік айналма жолының бойындағы Алатау-2 базарында қалта ұрлығымен айналысқан К. есімді азаматша ұсталды. Қыздың күртешесінің қалтасынан Samsung телефонын шығарып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұстау кезінде одан бес телефон тәркіленді. Қазір тергеушілер әйелдің Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру