Алматыда қамаудағыларды құжаттандыруға арналған дөңгелек үстел өтті
Алматыда қамаудағыларды құжаттандыруға арналған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағыларды құжаттандыру және тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеу қамауындағы адамдарды мекеме аумағынан тыс жерге шығару мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.
– Өздеріңізге белгілі, Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесі – әртүрлі санаттағы адамдарды ұстауға арналған тергеу изоляторы және бір мезгілде Алматы қаласының және Алматы облысының кейбір аудандарының сотқа дейінгі тергеу органдарына қызмет көрсетеді. ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі нұсқауы бойынша ҚАЖ мекемелерінде ұсталатындардың барлығын аумақтық медициналық ұйымдардың тіркелген халық тізіліміне (ТХТ) тіркеу жұмыстары басталған болатын. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, аталған санаттағы адамдарды құжаттандыруда және шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беруде бірқатар мәселелер туындап отыр. Осыған орай қамаудағылардың конституциялық құқықтарын және олардың заңды мүдделерін сақтау мақсатында жоғарыда аталған мәселелерді тездетіп шешу керек, – деді жиналғандарды өзекті мәселемен таныстырған ЛА-155/18 мекемесінің бастығы Ә. Жұмадиев.
Дөңгелек үстел басына жиналғандар, сондай-ақ тергеу изоляторында ұсталатындарды тергеу амалдарын жүргізу үшін (қылмыс болған жерді көрсету мен тексеруді, сондай-ақ тергеу экспериментін қоспағанда) мекемеден этаппен шығаруға тыйым салынған болатын. Осыған орай ЛА-155/18 мекемесінде тергеу жұмыстарын толыққанды әрі кедергісіз жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар бөлінген.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысына сәйкес (қаулының 20, 26-қосымшасы) Уақытша ұстау изоляторынан жеткізілгендер ковидтің теріс нәтижесі болғанда ғана қабылданады.
Сонымен қатар, Бас санитарлық дәрігердің тергеу әрекеттерінен оралған және мекеме аумағынан басқа да себептермен шығарылған адамдарды кемінде 10 тәулікке оқшаулау туралы ұйғарымы да орындалады. Жиынға қатысушылар бұл жағдайда да кездесетін түйінді мәселелерді бірігіп шешуге мәмілелесті.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Д.Салимов, Алматы қаласы аудандық полиция басқармалары бастықтарының орынбасарлары, Алматы қаласы ПД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Ж. Жакипбаева, Түрксіб аудандық ПБ Көші-қон қызметінің бастығы Д.Тоқтар, Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы М.Сейсенұлы, Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Д.Рахманов және Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Е.Ұзақов қатысты.