Алматыда қара топырақты заңсыз алу фактілері анықталды
Алматыда қара топырақты заңсыз алу фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түрксіб аудандық ПБ мамандандырылған экологиялық полициясы, жедел уәкілетті органдармен бірлесіп, қоғамдық қорғаушылардың қатысуымен өткізілген қоршаған ортаны қорғау бойынша алдын-алу жұмыстарды жүргізу барысында жердің құнарлы топырақ қабатының бақылаусыз айналымы фактілерін анықтады.
Полицияның хабарлауынша, белгісіз адамдар құнарлы топырақ қабатын заңсыз алу бойынша белсенді жұмыс жүргізген. Жүк көлігінің жүргізушілері Түрксіб ауданына қара топырақты шығару үшін үшінші тұлғаларға сатуға келген.
– Түрксіб ауданының аумағында олар қара топырақты, грунтты және балласты рұқсатсыз алу жұмыстарын жүргізді. Жердің заңсыз қазылған топырағы негізінен құрылыс жұмыстарына шикізат ретінде қолданылады. Бұл факт бойынша қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзғаны үшін, жасыл алқаптарды қиратқаны және бүлдіргені үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы, ҚР ӘҚбК-нің 386-бабына сәйкес іс-шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған заң бұзушылықтарға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Бұған дейін осындай фактілер қаланың Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарында анықталған болатын. Кінәлілер ҚР-ның заңнамасына сәйкес жазаланды, – деді Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Еркін Амантаев.